«Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мелекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқықтарын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10420 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 743 бұйрыққа қосымша
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға тұлғалардың құқығын растайтын құжаттардың тізбесі 1-тарау. Құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезіндегі құжаттар тізбесі
1. Жеке тұлғаларға мына мәселелер бойынша: 1) алименттер өндіріп алу - баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке туралы немесе некені (ерлі-зайыптылық) бұзу туралы куәлік, ал егер бала (некесіз) туылған жағдайда, әке болуды анықтау туралы куәлік; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|