Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2023 жылғы 1 шiлдедегi № 534 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан, ал облыстық, қалалық, қаладағы аудандық, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады.»; 8-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «9) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|