Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына және «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы бұйрық: 1) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 15-тармағы 2), 28), 29) тармақшаларын, 16-тармағының 125), 127), 131) тармақшаларын; 2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйелерін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап енетін Ереженің 16-тармағы 28), 29), 30), 50), 94) тармақшаларын, 17-тармағының 19), 20) тармақшаларын қоспағанда мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 417 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ереже Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|