Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (2016.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар 2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу аясы 3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi 4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету 5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы 5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру 5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі 5-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті 5-4-бап. Ипотекалық ұйымдарға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негізі 5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 6-бап. Ипотека шартының нысаны 7-бап. Ипотека шартының мазмұны 8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары 9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру 10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту 11-бап. Ипотека шартына қосымшалар 13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны 14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы 15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу 16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру 17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру 18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру 19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату 20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері 21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу 22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату 23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу 24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi 25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар 26-бап. Мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарламаның мазмұны 27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны 28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау 29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу 30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар 31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу 32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау 34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру 35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы 36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу 37-бап. Ипотеканы тоқтатудың негiздерi 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Жарлықта», «Жарлықты», «Жарлықпен», «Жарлықтың», «Жарлық» деген сөздер тиісінше «Заңда», «Заңды», «Заңмен», «Заңның», «Заң» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар Осы Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамалар мыналарды бiлдiредi: 1) сенiм бiлдiрiлген тұлға - соттан тыс тәртiппен ипотеканы өткізудi жүргiзетiн тұлға; 2) кепiл берушi - жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi болып табылатын тұлға; 3) кепiл ұстаушы - негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз етiлген тұлға; 4) жылжымайтын мүлiк ипотекасы (ипотека) - кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi; 4-1) ипотекалық ұйым - қызметінің айрықша түрі осы Заңда көзделген қызмет болып табылатын заңды тұлға; 5) ипотекалық шарт - тараптардың негiзгi мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келісімi; 5-1) ипотекалық қарыз - жылжымайтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген банк қарызы; 5-2) ипотекалық тұрғын үй қарызы - тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық қарыз; 6) жылжымайтын мүлiк - жер учаскелерi, сондай-ақ үйлер, ғимараттар және жермен берiк байланыстағы өзге де мүлiктер, яғни ауыстырылуы олардың мақсатына шектен тыс зиян келтiрусiз мүмкiн болмайтын объектiлер; 7) негiзгi мiндеттеме - ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме; 8) ипотеканы өткізу - ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктi өткізу. 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 8-1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.
2-бап. Осы Заңды қолданылу аясы 1. Осы Заңмен мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын қолдану кезiнде туындайтын қатынастар реттеледi. Егер осы Заңмен өзге ережелер белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрiнiс тапқан кепiл туралы жалпы ережелер мүлiк ипотекасына қолданылады. Осы Заң мен басқа да заң актілері арасында мүлiк ипотекасын реттеу бөлiгiнде қайшылықтар туындаған жағдайда осы Заңның нормалары қолданылады. 2. Шартқа байланысты туындайтын ипотека туралы осы Заңның ережелерi тиiсiнше заң актiсiнiң негiзiнде туындайтын ипотекаға қолданылады. 3. Жер учаскелерiнiң ипотекасы мен оларға құқықтардың ерекшелiктерi жер туралы заңдарда көзделуi мүмкiн. 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыру үшін лицензия алуға, сондай-ақ олардың қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi 3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi 1. Ипотека ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шартында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека, сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң) де төленуiн қамтамасыз етедi. 2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, ипотека кепiл ұстаушының талаптарын оларды қанағаттандыру сәтіндегі көлемiне қарай: 1) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауынан, мерзiмi кешiктiрiлуiнен немесе өзге де тиiсiнше орындалмауынан келтiрiлген шығындарды өтеудi; 2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмауы, орындалу мерзiмiнiң кешiктiрiлуi немесе өзге де тиiсiнше орындалмауы үшiн айып (айыппұл, өсiм) төлеудi; 3) негiзгi мiндеттемеде не заң актілерінде көзделген бөгде адамның ақшаның заңсыз пайдаланғаны үшiн айыпақыны қоса қамтамасыз етедi. 1) сот шығындарын және кепiлге берiлген мүлiктен айыпақы өндiрiп алуға байланысты өзге де шығыстарды өтеудi; 2) ипотеканы өткізу жөніндегі шығыстардың өтелуiн қамтамасыз етедi. 4. Егер ипотека шартында ипотекамен қамтамасыз етiлген кепiл ұстаушының талаптарының жалпы нақты сомасы көрсетiлсе, борышқордың кепiл ұстаушы алдындағы осы сомадан асатын бөлiгіндегі мiндеттемелерi, осы Заңның осы бабының 3-тармағында және 4-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, ипотекамен қамтамасыз етiлген болып саналмайды. 4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету Кепiл ұстаушы ипотека шартының ережелерiне сәйкес немесе кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ету қажеттiгiне орай, оны ұстау және күзету не осы жылжымайтын мүлiкке байланысты салықтар, алымдар немесе коммуналдық төлемдер бойынша кепiл берушiнiң берешегiн өтеу жөнiнде шығыстар тартқан жағдайларда кепiл ұстаушының мұндай қажеттi шығыстарын өтеу кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң есебiнен қамтамасыз етiледi. 5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы 1. Бiрлескен ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiкке ипотека бұған барлық меншiк иелерiнiң жазбаша келісімi болған жағдайда белгiленуi мүмкiн. 2. Ортақ үлестiк меншiкке қатысушы ортақ мүлiктегi өз үлесiне құқығын басқа меншiк иелерiнiң келісімiнсiз кепiлге бере алады.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды 1-1-тарау. Ипотекалық ұйым
5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру 1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес акционерлік қоғам нысанында құрылады. 2. Ипотекалық ұйымның атауында «ипотекалық ұйым» деген сөздер болуға тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ипотекалық ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлға ипотекалық ұйым деп аталына алмайды. 3. Ипотекалық ұйым уәкілетті орган берген лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылады.
5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі 1. Ипотекалық ұйым қызметінің негізгі түрі банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның негізінде ипотекалық қарыз беру болып табылады. 2. Ипотекалық ұйым мынадай қосымша операцияларды: 1) сенімгерлік операцияларды: сенім білдірушінің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаруды; 2) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды; 3) форфейтингтік операцияларды (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемелерін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеуді; 4) лизинг қызметін жүзеге асыруға құқылы. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 3. Ипотекалық ұйымға лицензия беру, оны тоқтата тұру және одан айыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 4. Ипотекалық ұйым мынадай қызмет түрлерін: 1) осы баптың 6-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, инвестициялық қызметті; 2) кез келген ақпарат тарату түрлерінде ипотекалық кредит беру мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті сатуды; 3) өз мүлкін сатуды; 4) кепілге салынған мүліктерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатуды; 5) өз қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді; 6) бағалы қағаздарды, оның ішінде облигацияларды шығару мен орналастыруды; 7) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыруды; 8) ипотекалық кредит беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жүзеге асыруға құқылы. 5. Ипотекалық ұйым өз қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қаржыландыру көздерін пайдалануға құқылы. 6. Ипотекалық ұйымға: 1) қаржы ұйымдарының; 2) акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржылық ұйымдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың; 3) ипотекалық ұйымдардың қызметін автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алудан басқа жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-3-бап 3-тармақпен толықтырылды; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 5-3-бап өзгертілді 5-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымдарға қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 1) ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар береді; 2) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізеді; 3) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілейді; 4) ипотекалық ұйымдар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 5) ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдері мен тәртібін белгілейді; 6) ипотекалық ұйымдардың қызметіне дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып тексеру жүргізеді; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 2. Ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 3. Ипотекалық ұйым қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету жөніндегі жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған кезде, уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
5-4-бап. Ипотекалық ұйымдарға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негізі 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1. Ипотекалық ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған кезде, оған осы бапта белгіленген ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін. Ықпал ету шаралары деп шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялар түсініледі. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгетрілді (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2. Уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шаралары ретінде ипотекалық ұйымға мынадай шектеулі шараларды қолдануға құқылы: 1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беру; 2) жазбаша ескерту жасау; 3) жазбаша келісім жасау. Ипотекалық ұйымға анықталған бұзушылықтарды (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгіленген мерзімде ұсыну қажеттілігіне арналған нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады. Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оны орындауды тоқтата тұрмайды. Уәкілетті орган жазбаша ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде осы ескерту шығарылған бұзушылыққа ұқсас Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары қайтадан бұзылғанын анықтаған жағдайда, уәкілетті органның ипотекалық ұйымға, осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады. Анықталған бұзушылықтарды жою қажеттігі және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, осы бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар тізбесін және (немесе) анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін ипотекалық ұйым өзіне алған шектеулердің тізбесін бекіту туралы уәкілетті орган мен ипотекалық ұйым арасында жасалған жазбаша келісім жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісімге ипотекалық ұйым тарапы міндетті түрде қол қоюға тиіс. Ипотекалық ұйым уәкілетті органды жазбаша нұсқамада және жазбаша келісімде көрсетілген шаралардың осы құжаттарда көзделген мерзімдерде орындалуы туралы хабардар етуге міндетті. 3. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 4. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымға қатысты санкция ретінде: 1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұл салу және оны өндіріп алу; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген негіздер бойынша лицензияны тоқтата тұру не одан айыру; 3) мынадай: осы Заңда көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерді тиісінше орындамау; уәкілетті органның міндеттеме-хатын және жазбаша нұсқамасын орындамау; уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзу негіздері бойынша ипотекалық ұйым басқармасының бірінші басшысын қызметтік міндеттерін орындаудан ипотекалық ұйымның тиісті органы осы мәселені қарағанға дейін уақытша (үш айдан аспайтын мерзімге) шеттету шараларын қолдануға құқылы. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5- тармақ өзгетрілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 5. Уәкілетті орган бұзушылықтың сипатына қарай банк операцияларының барлық не жекелеген түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияны тоқтата тұрады не оны одан айырады. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы ақпаратты мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. 6. Уәкілетті органның осы бапта көзделген ықпал ету шараларын ипотекалық ұйымға қолдану туралы шешіміне сотқа шағым жасауға болады. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7. Ипотекалық ұйымға байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында, жазбаша келісімде не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын, жазбаша келісімді не жазбаша нұсқаманы орындау бойынша мерзімді уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-5-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-5-бап. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары Ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау жолымен тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 5-6-баппен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде: 1) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады; 2) халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын әзірлейді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
6-бап. Ипотека шартының нысаны 1. Ипотека шарты жазбаша нысанда жасалып, оған кепiл берушi мен кепiл ұстаушы, сондай-ақ егер кепiл берушi борышқор болмаса (заттай кепiлгер) борышқор да қол қояды. 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ипотека шарты ипотеканы тіркеу үшін негіз болып табылады. Ипотека құқығы ол тiркелген кезден бастап туындайды. 3. Ипотека шартын нотариалдық куәландыру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады. 4. Кепiл берушiнiң құқықтары ипотека куәлiгiн беру арқылы расталуы (ресiмделуi) мүмкiн. ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 7-бап. Ипотека шартының мазмұны 1. Ипотека шартында мыналар көрсетiлуге тиiс: 1) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының, сондай-ақ, егер кепiл берушi (заттай кепiлгер) негiзгi мiндеттеме бойынша борышкер болмаса, борышкердiң аты-жөнi (атауы) және тұрғылықты жерi (орналасқан жерi); 2) негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi мен орындалу мерзiмi; 3) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-жайы; 4) ипотеканың мәнi болып табылатын жылжымайтын мүлiк сол бойынша кепiл берушiнiң меншiгi болып табылатын құқықтың атауы (меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы және басқалары); 5) тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша ипотека шартында келісімге қол жеткiзiлуге тиiс және заңдарда тыйым салынбаған өзге де шарттар. 2. Егер негiзгi мiндеттеме бөлiнiп орындалуға тиiс болса, ипотека шартында тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн және олардың мөлшерiне осы мөлшердi анықтауға мүмкiндiк беретiн талаптар көрсетiлуге тиiс. 8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары 1. Ипотека шарты бойынша кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 315-бабының 2-тармағындағы ережелер бұзылып, иелiктен шығарылған кезде кепiл ұстаушы өз таңдауына қарай: 1) кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы мәмiленiң күшi жойылған деп танылуын; 2) негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын және кiмнiң меншiгi екенiне қарамастан, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiлуiн талап етуге хақылы. Соңғы жағдайда, егер кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi сатып алушы жылжымайтын мүлiктiң ережелері бұзылып иелiктен шығарылуы туралы оны сатып алу сәтiнде бiлсе немесе бiлуге тиiс болса, онда мұндай сатып алушы ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн кепiл берушiмен бiрге көрсетiлген жылжымайтын мүлiктiң құны шегiнде жауап тартады. 2. Кепiл берушi ипотека куәлiгiн берген кезде оның кепiлдiкке берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығаруына жол берiлмейдi. Ол жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығарған жағдайда осы баптың 1-тармағында көзделген салдарлар туындайды. 9-бап. Ипотека шарты жөніндегі құқықтарды беру Ипотека шарты бойынша құқықтарды беру, талаптардан бас тарту ережелерi сақтала отырып, ал ипотека куәлiгi берiлген жағдайда осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады және мемлекеттік тiркеуге жатады.
2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1-бап. Ипотека шартының талаптарын өзгерту Негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қол қойған өзге де адамдардың) негізгі міндеттеме туралы шартқа және ипотека шартына қосымша келісім жасасуы арқылы ресімделеді. Ипотека куәлігі болған кезде оның мазмұнын өзгертуді болжайтын негізгі міндеттеменің және (немесе) ипотека шартының талаптарын өзгерту ипотека куәлігіне осы Заңның 13-1-бабында көзделген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту Ипотека шарты жасалған кезде кепiл берушi, тiптi, бұл құқықтар белгiленген тәртiппен тiркелмесе де, ипотеканы тіркеу сәтiнде өзiне белгiлi ипотека затына барлық үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескертуге тиiс. Бұл ереженiң орындалмауы кепiл ұстаушыға негiзгi мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын орындалуын немесе ипотека шарты уағдаластықтарының өзгертiлуiн талап етуге құқық бередi. 11-бап. Ипотека шартына қосымшалар Ипотека шартына ипотеканың талаптарын және/немесе осы шарт бойынша кепiл ұстаушының құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi талаптарды айқындайтын құжаттар қоса берiлуi мүмкiн. ҚР 03.06.03 ж. № 427-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы 1. Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң: 1) негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алуға; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ипотека куәлігі бір данада жасалады және кепіл ұстаушыға беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы мүмкін. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Негiзгi терминдер мен анықтамалар2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу аясы3-бап. Негiзгi мiндеттеменi ипотекамен қамтамасыз етудiң шектерi4-бап. Кепiл ұстаушының қосымша шығыстарын ипотекамен қамтамасыз ету5-бап. Ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлiк ипотекасы 1-1-тарау. Ипотекалық ұйым5-1-бап. Ипотекалық ұйымды құру5-2-бап. Ипотекалық ұйымның қызметі5-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті5-4-бап. Ипотекалық ұйымдарға қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негізі5-5-бап. Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде ипотекалық кредит беру саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары5-6-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 2-тарау. Ипотека шарты6-бап. Ипотека шартының нысаны7-бап. Ипотека шартының мазмұны8-бап. Кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару туралы ережелердi бұзудың салдарлары9-бап. Ипотека шарты жөнiндегi құқықтарды беру10-бап. Ипотека затына үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы кепiл ұстаушыны ескерту11-бап. Ипотека шартына қосымшалар 3-тарау. Ипотека куәлiгi12-бап. Ипотека куәлiгi ұғымы13-бап. Ипотека куәлiгiнiң мазмұны14-бап. Ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асырудың шарттары және мiндеттемелердiң орындалуы15-бап. Ипотека куәлiгiн тiркеу16-бап. Ипотека куәлiгi жөнiндегi құқықтарды беру17-бап. Жоғалтып алған ипотека куәлiгi бойынша құқықтарды қалпына келтiру18-бап. Ипотека куәлiгiн кепiлге беру19-бап. Ипотека куәлiгiнiң күшiн тоқтату 4-тарау. Ипотеканы өткiзу20-бап. Ипотеканы өткiзу негізі мен тәсілдері21-бап. Ипотеканы сот тәртiбiмен өткiзу22-бап. Ипотеканы өткiзудi тоқтату23-бап. Ипотеканы өткiзуге байланысты шығыстарды өтеу24-бап. Ипотеканы сот тәртібінен тыс өткiзу рәсiмi25-бап. Соттан тыс сауда-саттық жүргiзуге қойылатын талаптар26-бап. Мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы хабарламаның мазмұны27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны28-бап. Сауда-саттық туралы құлақтандыру және оны жариялау29-бап. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткiзу30-бап. Сауда-саттыққа қатысушылар31-бап. Кепiлдiк жарна және сатып алу бағасын төлеу32-бап. Сауда-саттық өткiзiлмеген деп жариялау33-бап. Сотқа жүгiну құқығы34-бап. Жылжымайтын мүлiктi сатып алушыға беру35-бап. Кепiл берушiнiң жылжымайтын мүлiктi беруден бас тартуы36-бап. Сауда-саттықтан түскен түсiмдi бөлу 5-тарау. Ипотеканы тоқтату |