Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
«Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2022 жылғы 17 мамырдағы № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) дерекқор - тұжырымдамалық құрылымға сәйкес ұйымдастырылған деректер жиынтығы, ол осы деректердің сипаттамаларын, сондай-ақ олардың объектілері арасындағы өзара байланыстарды сипаттайды; 2) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі - өнеркәсіптің даму жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - жүйе); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|