|
|
|
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы (2021.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.26.05. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы: 1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде; 2) 2021 жылғы 1 - 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін. ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2021.26.05. № 350 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар: 1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2020.16.09. № 587 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.26.05. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша): 1) есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |