ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 шілде
№ 615
Президентінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 615 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында: 29-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының (бұдан әрі - Президент Протоколы)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі (бұдан әрі - Президенттің Протокол қызметі)» деген сөздермен ауыстырылсын; 33-тармақтағы «Президент Протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; 65-тармақтағы «Президент Протоколының» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 92-тармақтағы «протоколы» деген сөз «Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; 95-тармақтағы «Президент протоколы» деген сөздер «Президенттің Протокол қызметі» деген сөздермен ауыстырылсын; 111-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «111. Шетелдік мемлекетке сапарды ұйымдастыру үшін онда құрамына Президенттің Протокол қызметінің, Президенттің Баспасөз қызметінің, Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Президенттің Іс басқармасының, сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіретін жұмыс тобы жіберіледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|