Қазақстан Республикасының (2017.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 21 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі 2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары 2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ 6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері 7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы 9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі 4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ 11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы 12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары 13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары 14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту 15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары 16-бап. Судья лауазымына конкурс 18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі 20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары 22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру 24-бап. Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі 1. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын автономиялы мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесін айқындайтын Конституциялық заң, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып табылады. 3. Кеңестің заңды тұлға болып табылатын аппараты болады. 4. Кеңесті және оның аппаратын ұстауға арналған шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 5. Кеңес аппаратының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Кеңестің регламентімен регламенттеледі. Кеңес аппаратының жұмыскерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Кеңес аппараты штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 6. Кеңес аппаратының басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол лауазымы бойынша Кеңес хатшысы болып табылады. 7. Кеңес аппараты және оның құрылымы туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. 8. Кеңес өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға жол берілмейді. 9. Кеңестің Төрағасы мен мүшелері сот төрелігін іске асыру бойынша соттардың және судьялардың қызметіне араласуға құқылы емес.
2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары Кеңес өз қызметін тәуелсіздік, заңдылық, алқалық, жариялылық және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; 2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - облыстық сот) судьясының және Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттар іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады: конкурстың қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасы мен судьясының, облыстық сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды: облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды: Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының, жергілікті және басқа соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының және судьяларының өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін отставка, отставканы тоқтату нысанында қарайды: сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда судья басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда сот төрағасы, сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайда, егер Жоғарғы Соттың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың судьясы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; өкілеттіктер мерзімі өткен жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы басқа сотқа, басқа мамандануға ауысудан бас тартса, оларды атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; аудандық соттың судьясы лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның бір жыл мерзім өткеннен кейін жұмыс нәтижелерін қарайды және Сот жюриінің біліктілік комиссиясы судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді. тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, кәсіби жарамсыздығына орай немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Жоғарғы Сот Төрағасының Сот жюриінің шешіміне негізделген ұсынуы бойынша, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайды; медициналық қорытындыға сәйкес кәсіби міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайына байланысты судья өкілеттіктерін тоқтатқан, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы соттың шешімі, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген, қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша сотқа дейінгі сатыда тоқтатылған, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған, судья қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайларда, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымынан босату мәселелерін қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының судья зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін оның судья лауазымында болу мерзімін ұзартуына келісім беру мәселесін қарайды; Қазақстан Республикасының Президентіне Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын лауазымынан босатуды ұсынады; Парламент Сенатына ұсынуды енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді; 6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды; 7) Сот жюриі комиссияларының шешімдеріне судьялардың шағым жасау туралы өтініштерін қарайды; 8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады; 9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады; 10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді; 11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады; 12) Кеңес регламентін бекітеді; 13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ мамандандырылған магистратураны бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады; 14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды; 15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады; 16) Жоғарғы Сотпен бірлесіп, аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының және сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьясының және сот алқалары төрағаларының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады; 17) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді; 18) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Кадр резерві жөніндегі республикалық комиссияның төрағасын және комиссия құрамын бекітеді; 19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындайды; 2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды 19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді; 20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді; 21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін: 1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға; 2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға; 3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар.
2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
4-бап. Кеңес құрамы 2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Соттың Төрағасын, Бас Прокурорды, Әділет министрін, Мемлекеттік қызмет істері министрін, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісінше тұрақты комитеттерінің төрағаларын лауазымы бойынша Кеңес мүшелері етіп тағайындайды. Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес құрамына басқа да адамдарды, оның ішінде ғалым заңгерлерді, адвокаттарды, шетелдік сарапшыларды, Судьялар одағының өкілдерін де тағайындауы мүмкін. 2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы кандидаттарды судьялар мен отставкадағы судьялар арасынан сайлайды және оларды Қазақстан Республикасының Президенті Кеңес мүшелері етіп тағайындау үшін ұсыным жасайды. Кеңес құрамына судьялардың, оның ішінде отставкадағы судьялардың кандидатуралары аудандық және облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының, отставкадағы судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар арасынан Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қаралады. Судьялар мен отставкадағы судьялар Кеңес мүшелерінің жартысын құрайды. 3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады. 4. Кеңес мүшелерінің арасынан адам шығып қалған жағдайда, Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалады. 5. Кеңес Төрағасының, хатшысының және мүшесінің лауазымы коммерциялық ұйымның басшы органының және байқау кеңесінің құрамына кірумен, саяси партияның басшылық лауазымдарында болумен сыйыспайды. 6. Лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін және шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде негізгі жұмыс орны бойынша міндеттерін орындаудан босатылады. 7. Судьялар және мемлекеттік қызметшілер болып табылатын Кеңес мүшелерінің негізгі жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады. 8. Кеңес мүшелері тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне ғана бағынады. 9. Кеңес мүшелері Кеңестің өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелерді шешу кезінде тең құқықтарға ие болады. 10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылады. 11. Кеңес хатшысы Кеңестің мүшесі болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді; 2) Кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді; 3) Кеңестің отырыстарын шақырады және Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді; 4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен хаттамаларына қол қояды; 5) Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды; 6) Жоғарғы Соттың жалпы отырысына, судьялардың кеңестеріне, облыстық соттардың жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің отырыстарына қатысуға құқылы; 7) Кеңес қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді; 8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; 9) негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөледі; 11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің біріне Төрағаның өкімімен жүктеледі.
6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері 1) Кеңестің қарауына ұсынылған материалдармен танысуға; 2) материалдарды зерттеуге және тексеруге қатысуға; 3) қаралып отырған мәселелер бойынша өтінішхаттарды мәлімдеуге, өзінің ұсыныстарына уәждер мен негіздемелер келтіруге; 4) қолында бар құжаттарды ұсынуға; 5) дауыс беру арқылы шешім қабылдауға қатысуға; 6) судьялыққа кандидаттармен және судьялармен өңірлерде көшпелі кездесулер өткізуге; 7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары отырыстарының жұмысына қатысуға; 8) Кеңестің құзыреті шегінде азаматтарды жеке қабылдауды жүргізуге; 9) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 1) Кеңестің отырыстарына қатысуға; 2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде бейтарап және объективті болуға; 3) өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындауға байланысты өзіне белгілі болған, судьялыққа кандидаттардың және судьялардың жеке өмірі туралы мәліметтерге қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауға; 4) Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарау кезінде, егер оған қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуын мәлімдеуге міндетті.
7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы 1. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы: 1) Кеңес аппаратының қызметін ұйымдастырады; 2) Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелердің тізбесін қалыптастырады және бұл туралы Төрағаға күні бұрын баяндайды; 3) отырыс хаттамаларының, Кеңес қабылдаған ұсынымдардың, қорытындылар мен хаттамалық шешімдердің үзінді көшірмелеріне өз қолын қойып растайды; 4) қажет болған кезде тексерулер ұйымдастырады; 5) Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін айқындайды және олардың келуін қамтамасыз етеді; 6) Төрағаның өкімдерін және Кеңестің шешімдерін орындайды; 7) Кеңес аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 8) Кеңес аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 9) Кеңес Төрағасымен келісу бойынша аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 10) Кеңес аппаратында атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылайды; 11) Кеңестің мемлекеттік сатып алу саласына басшылықты жүзеге асырады, оның ішінде төлем шотына қол қояды; 12) Кеңес қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алудың өткізілуін ұйымдастырады және оған жауап береді; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес аппаратының жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады; 15) Кеңес аппаратының жұмыскерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мен сыйлықақы беру мәселелерін шешеді; 16) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Кеңес аппараты жұмыскерлерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді; 17) бюджеттік өтінімді дайындауды, бюджеттік өтінімді Кеңес Төрағасына ұсынуды, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді; 18) Кеңестің органын қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді; 19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді; 20) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді; 21) Кеңес жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған шараларды қолданады, Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырады; 23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды орындайды. 2. Кеңес хатшысы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері хатшының өкімімен Кеңес аппараты жұмыскерлерінің біріне жүктеледі.
8-бап. Кеңес отырыстары 1. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі отырысқа қатысқан кезде Кеңес отырысы шешімдер қабылдауға құқықты. 2. Кеңес отырыстары ашық және жариялы түрде өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырыстарына қатысуға құқылы. Қажет болған жағдайларда, Кеңес жабық отырыстар өткізуге құқылы, оларды өткізу туралы шешімдер Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің жабық отырыстары судьялардың, сот алқалары төрағаларының және соттар төрағаларының бос лауазымдарына орналасуға өткізілген конкурс қорытындыларын шығару туралы мәселені қараған кезде, оның ішінде кандидатураларды талқылаған және олар бойынша шешімдер қабылдаған кезде өткізілмейді. 3. Кеңес отырысына қатысып отырған жұртшылық өкілдері және аккредиттелген журналистер Кеңес отырысының барысына кедергі келтірмей, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізуге құқылы. Егер өзіне қатысты материалдар Кеңес отырысында қаралуға жататын отырысқа қатысушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, фото-, бейнетүсірілім мен аудиожазба жүргізілмейді. 4. Кеңес материалдарды келіп түскен күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау қорытындылары туралы өтініш берушіні міндетті түрде хабардар етеді.
9-бап. Кеңес отырысын өткізу тәртібі 1. Кеңес отырыстарын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентте айқындалады. 2. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті лауазымдарға орналасуға үміткер немесе атқаратын лауазымдарынан босатылатын адамдардың қатысуымен жүргізіледі. Отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның болмауы, егер оның тікелей қатысуы талап етілмесе, мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болып табылмайды. 3. Кеңес мүшелерінің отырыстарға қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі2-бап. Кеңес қызметінің негізгі қағидаттары3-бап. Кеңестің өкілеттіктері 2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ4-бап. Кеңес құрамы5-бап. Кеңес Төрағасы6-бап. Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері7-бап. Кеңес хатшысы - аппарат басшысы 3-тарау. КЕҢЕС ОТЫРЫСТАРЫ4-тарау. КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ БІЛІКТІЛІК ЕМТИХАНЫН ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ11-бап. Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясы12-бап. Комиссияның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары13-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудың (тапсырудың) тәртібі мен шарттары14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту15-бап. Полиграфологиялық зерттеудің тәртібі мен шарттары 5-тарау. АУДАНДЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ, АУДАНДЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ СОТ СУДЬЯСЫНЫҢ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫМ ШЫҒАРУ16-бап. Судья лауазымына конкурс17-бап. Аудандық сот төрағасының, аудандық және облыстық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының лауазымына конкурсқа қатысушылар18-бап. Бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу тәртібі 6-тарау. ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ СОТ АЛҚАЛАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КАНДИДАТУРАЛАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ19-бап. Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының, облыстық соттар төрағаларының және сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарау тәртібі20-бап. Бос лауазымдарға кандидатураларды қарау шарттары 7-тарау. СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫН, СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ЖӘНЕ СУДЬЯНЫ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТУ ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚАРАУ ТӘРТІБІ21-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату не босатудан бас тарту туралы мәселені қарау үшін негіздер22-бап. Тексерудің нәтижелерімен судьяны таныстыру23-бап. Соттың төрағасын, сот алқасының төрағасын және судьяны лауазымынан босату туралы мәселені қарау24-бап. Сот жюриінің шешіміне шағым жасау туралы мәселені қарау 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |