Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы (2021.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2021.29.12. № 958 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып айқындалсын. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімінде: реттік нөмірі 17-жол алып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|