Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы (2021.18.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1348 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды лауазымға келісу, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар; 3) бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілсін. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келісім бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|