Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидаларын бекіту туралы (2018.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау және Қаржы министрлерінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М.Савельева) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау тәртібін айқындайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|