|
|
|
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған бекітілсін: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары. 2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |