|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының
Микроқаржылық қызмет туралы (2024.20.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы 3-бап. Микроқаржылық қызмет, микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары 4-бап. Микрокредит беру туралы шарт 5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету 7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi 8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi 9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi 9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі 9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі 10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату 3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI 11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы 12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру 13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы 14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу 15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері 17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары 21-бап. Микрокредит беру құпиясы 22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау 24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу 25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату 25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты 25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері 25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі 4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ 27-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті 28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері 29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық 31-1-бап. Микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерінің бекітілгені туралы хабардар етуі 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы - сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қолданылатын интернет-ресурс; 2) кредиттiк дерекнама - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым әрбiр қарыз алушыға қалыптастыратын құжаттар мен мәлiметтер; 3) қарыз алушы - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 4) микрокредит - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша; 5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым - микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард; 6) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6-2) мінсіз іскерлік бедел - өтелмеген немесе алынбаған сотталғандының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы; 7) өтініш беруші - микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға; 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) сервистік компания - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі - сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 7-2) тұтынушылық микрокредит - жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жəне (немесе) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін микрокредит; 8) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және «Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы Заңда реттелмеген бөлiгiнде қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарына және өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) 5. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау. МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Микроқаржылық қызмет, микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары 1. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1 - 1-4-тармақтармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Микроқаржылық қызметке: 1) кредиттік серіктестіктердің өз қатысушыларына микрокредиттер беру жөніндегі қызметі; 2) ломбардтардың жеке тұлғаларға жеке пайдалануына арналған жылжымалы мүлкін кепілге қойғыза отырып республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде бір жылға дейінгі мерзімге микрокредиттер беру жөніндегі қызметі; 3) микроқаржы ұйымдарының жеке және (немесе) заңды тұлғаларға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беру жөніндегі қызметі жатады. 1-2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - микроқаржы ұйымдары) осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және бейрезиденттерінен қарыз тарту (кәсіпкерлік қызмет ретінде азаматтардан қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда); 2) өз активтерін бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау; 3) микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету; 4) өз мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1) меншікті мүлкін өткізу; 5) лизингтік қызметті жүзеге асыру; 6) ақпарат жеткізгіштердің кез келген түрінде микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша арнаулы әдебиетті өткізу; 7) төлем агентінің және қосалқы төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасы резидент-сақтандыру ұйымдарының атынан және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасу; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша жүйесі агентінің функцияларын жүзеге асыру; 10) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқықтарын сатып алу; 11) форфейтингтік операциялар (форфетирлеу): тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) заңды тұлғаларға ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді жəне өзге де міндеттемелерді беру. 1-3. Жеке тұлғаларға жеке пайдалануына арналған жылжымалы мүлкін кепілге қойғыза отырып микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы құрамында бағалы металдар және асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алуды, сақтауды және сатуды қосымша жүзеге асыруға құқылы. 1-4. Микроқаржы ұйымдарына осы Заңда көзделмеген өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 1-5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 1-5. Микроқаржы ұйымы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен соттан тыс банкроттық рәсімінің немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасының азаматына микрокредиттер беруге, сондай-ақ мұндай адамдардан микрокредит беру туралы шарттар бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түріндегі қамтамасыз етуді қабылдауға құқылы емес. Осы тармақтың талаптары ломбардтардың мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жылжымалы мүлікті кепілге қойып беретін микрокредиттеріне қолданылмайды. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 1-6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 1-6. Микроқаржы ұйымдары бейрезиденттердің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген мақсаттар үшін жинауға құқылы. 2. Микроқаржы ұйымы өзінің жоғары органы бекіткен микрокредиттер беру қағидалары болғанда ғана микрокредиттерді беруге құқылы. 2-1. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық тәсілмен микрокредиттер беруге құқылы. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2. Адам микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы белгілеуге не оны алып тастауға құқылы. 2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) 3-3. Адамның кредиттік есебінде микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-4. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы екі жұмыс күні ішінде осындай əрекеттердің себептері мен салдарын жою үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға бір жұмыс күні ішінде хабар береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сəйкес құқық қорғау органдары енгізген (шығарған) қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мəн-жайларды жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы ұсынымның не қарыз алушы-жеке тұлғаны жəбірленуші деп тану туралы қаулының негізінде микроқаржы ұйымы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей: клиенттің осындай микрокредиті бойынша берешекті өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтата тұрады; клиенттің осындай микрокредиті бойынша сыйақы жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын есепке жазуды тоқтата тұрады. Микроқаржы ұйымы клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тəсілмен микрокредитті ресімдеу фактісі анықталған заңды күшіне енген сот актісін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, клиенттің микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешімді, сондай-ақ осындай микрокредит бойынша бұрын ұсталған (төленген) сомаларды клиентке қайтару жөніндегі шараларды қабылдайды. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 3-5. Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаны биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей онымен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасуына тыйым салынады, оны жүргізу тəртібін уəкілетті орган айқындайды. 4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Екінші абзац 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2016 ж. 1 шілдеден бастап жасалған шарттарға қолданылды Жеке тұлғамен кәсіпкерлік қызметке байланысты емес микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микроқаржы ұйымы жеке тұлғаға уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көздемейтін микрокредит беру шарттарын, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінен басқа, микроқаржы ұйымының микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты және микрокредит беру туралы шартта көзделген комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу құқығы көзделетін микрокредит беру шарттарын таңдау үшін беруге міндетті. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы мәселені қарау кезінде өз әдістемесі негізінде есептелген қарыз алушы (өтініш беруші) жеке тұлғаның кредиттік скорингін немесе кредиттік бюро берген кредиттік скорингті ескереді. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 5. Кез келген валютаның баламасына байланыстырылып, теңгемен берілген микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені және төлемдерді индекстеуге жол берілмейді. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарын, қарыз алушы үшін оларды жақсарту жағдайларын қоспағанда, біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес. Осы тармақтың мақсаттары үшін: тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту жағына қарай өзгерту немесе толық жою; микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту; микрокредит бойынша сыйақыны есепке жазбай, қарыз алушының мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі 60 күнді қамтитын кезеңге микрокредит беру туралы шарт бойынша негізгі борыш пен есепке жазылған сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарыз алушы үшін микрокредит беру туралы шарттың талаптарын жақсарту деп түсініледі. Микроқаржы ұйымы жақсарту талаптарын қолданған жағдайда, қарыз алушы микрокредит беру туралы шартта көзделген тәртіппен микрокредит беру туралы шарт талабының өзгергені туралы хабардар етіледі. Қарыз алушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, микроқаржы ұйымы қолданған жақсарту талаптарынан микрокредит беру туралы шартта көзделген тəртіппен бас тартуға құқылы. 2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Микроқаржы ұйымы банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында саудасаттық өткізу арқылы мынадай мүлікті: бұрын микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған, оған өндіріп алуды қолдану нəтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне өткен кепіл мүлкін; микроқаржы ұйымының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту төлемін алуы нəтижесінде микроқаржы ұйымының меншігіне түскен мүлікті өткізуге міндетті. Микроқаржы ұйымының меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікті микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымының меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде өткізуге тиіс. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады. Осы тармақта белгіленген талаптар ломбардтарға қолданылмайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлік сауда-саттық өтпеді деп танылған жағдайда уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген, банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңында сауда-саттық өткізу қағидаларына сəйкес тікелей атаулы сату арқылы өткізілуі мүмкін.
4-бап. Микрокредит беру туралы шарт 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Микрокредит беру туралы шарт мәміленің жазбаша нысанына қойылатын Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптары ескеріле отырып жасалады. 2. Микроқаржы ұйымы жасаған микрокредит беру туралы шарт жөніндегі ақпарат Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында айқындалған талаптарда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға міндетті түрде берілуге жатады. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) 2-1. Микроқаржы ұйымы сомасы уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмейтін тұтынушылық микрокредитті беруге құқылы емес. Осы тармақта белгіленген талаптар ломбард немесе кредиттік серіктестік жасасатын микрокредит беру туралы шарттарға қолданылмайды. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 тамыздан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібі, оның ішінде шарттың және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төлем сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптар, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысаны бекітіледі. 3-1. 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы 2-тарау. МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ3-бап. Микроқаржылық қызмет, микрокредиттер беру тәртібі мен шарттары4-бап. Микрокредит беру туралы шарт5-бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі6-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету7-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi8-бап. Өтініш берушінің құқықтары мен мiндеттерi9-бап. Қарыз алушының құқықтары мен мiндеттерi9-1-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру тəртібі9-2-бап. Берешекті реттеу шарттары мен тәртібі және төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар10-бап. Микрокредит беру туралы шарт бойынша мiндеттемелердi тоқтату 3-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI11-бап. Микроқаржы ұйымының құқықтық жағдайы12-бап. Микроқаржы ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру13-бап. Микроқаржы ұйымының атауы14-бап. Микроқаржылық қызметті лицензиялау және микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері мен құрылтайшыларына (қатысушыларына) қойылатын талаптар14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу15-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруден бас тарту негіздері16-бап. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не одан айыру үшін негіздер17-бап. Микрокредиттер беру қағидалары18-бап. Iшкi бақылау қызметi19-бап. Алып тасталды20-бап. Алып тасталды21-бап. Микрокредит беру құпиясы22-бап. Бухгалтерлiк есепті жүргiзу және қаржылық есептiлiкті жасау23-бап. Құжаттарды сақтау24-бап. Микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке және шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу25-бап. Микроқаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату25-1-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсаты25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары25-4-бап. Микроқаржы ұйымының банкке айналуы кезеңіндегі қызметі25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру 4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ26-бап. Микроқаржы ұйымы үшін белгіленетін пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер27-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті28-бап. Микроқаржы ұйымына қолданылатын ықпал ету шаралары және оларды қолдану негіздері29-бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |