Кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 3-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидалары; 2) мына: тауар биржасының кепілді қорының мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшері; тауар биржасының сақтандыру қорының мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бесмың еселенген мөлшері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жолдануын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 251 бұйрығымен бекітілген
Кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану қағидалары, олардың мөлшері
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|