Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы (2013.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 588 Қаулысын қараңыз
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Жер қойнауы туралы заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібін айқындайды. 2. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі: 1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу; 2) барлау; 3) өндіру; 4) бірлескен барлау мен өндіру; 5) барлау немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|