Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы (2023.01.08. берілген өзгерістермен)
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15795 болып тіркелген); 2) «Құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 31 тамыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 156 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21929 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурстарында орналасуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|