|
|
|
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды және бақылауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағына, 17-бабына, 37-бабының 6) тармақшасына, «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi туралы ереженің 14-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7490 болып тіркелген). 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |