Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 26 шілдедегі № 456-1 Заңы (2019.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары 4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау 5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер 6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер 7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi 9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар 10-бап. Тауар таңбасының басымдығы 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы 11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi 11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау 12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер 13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу 14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі 15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi 16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау 17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары 18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме 18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану 5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану 19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары 21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық беру 22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру 6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату 23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту және оны жарамсыз деп тану 24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану 7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары 25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау 26-бап. Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретiнде тiркелетiн белгiлер 27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер 29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар 8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама 30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi 31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер 32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру 33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi 35-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау 36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы 10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану 37-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану шарттары 11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату 41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері 41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету 41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру 43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану 45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу 46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер 46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері 48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар таңбасының немесе тауар шығарылатын жердің атауын» деген сөздер тиісінше «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын» деген сөздермен ауыстырылды, бүкіл мәтін бойынша «араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi», «олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер», «айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас», «аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас», «бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені», «онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені» деген сөздер тиісінше «оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi», «бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды 1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер - жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер; 1-2) бірдей тауар белгілері - барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер; 1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер - бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер; 2) бюллетень - тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) географиялық көрсеткіш - белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі - уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Мадрид келісімі - 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) Мадрид келісіміне хаттама - 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама; 5) өтініш беруші - тауар таңбасын тіркеуге немесе тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге өтініш берген заңды немесе жеке тұлға; 6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) Сингапур шарты - 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты; 7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама; 8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді 9) тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) тауар шығарылған жердiң атауы - елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткіштің атауын білдіретін не құрамында атауы бар белгілеме, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шыққан жерімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі; 12) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдары 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді 3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган 1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және тауар таңбаларын, қызмет таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады: 1) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу; тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын; тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын; тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын; Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын; апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын; Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын; аттестаттау комиссиясы туралы ережені; апелляциялық кеңес туралы ережені; апелляциялық комиссия туралы ережені; тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту; 3) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау; 4) патенттік сенiм білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу және оларды патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу; 5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-бап жаңа редакцияда 3-1-бап. Сараптама ұйымы 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы: 1) тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді; 2) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды жүзеге асырады; 3) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінде тіркейді; 4) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмін және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімін, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады; 5) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінен және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер береді; 6) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды; 7) тіркелген тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлердің атауларының мәліметтерін мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады; 8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерді қарайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады. 2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау 1. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі. Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Тауар белгісіне құқық куәлiкпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады. Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. 4. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келісімiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды. 5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер 1. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. 2. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн. 6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын: 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген; 2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын; 3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін; 4) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді 6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық байланысы бар тауар таңбаларын тіркеуге жол берілмейді. 7) - 13) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Егер көрсетілген белгілемелер тауар белгісінде үстем жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi. Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келісімi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін. 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде: 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) тауарға немесе оның жасаушысына, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн; 2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн; 3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi; 4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi. 7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Тауар таңбалары ретiнде: 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Заңның 6-тарауына сәйкес тіркелуі жарамсыз деп танылған немесе оның қолданысы тоқтатылған тауар белгілерін қоспағанда, бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен; 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (кері қайтарып алынғандарынан және тоқтатылғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен; 4) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер тiркелуге жатпайды. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдары3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган3-1-бап. Сараптама ұйымы 2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi8-бап. Өтiнiм беру9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар10-бап. Тауар таңбасының басымдығы 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану 5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары20-бап. Ескертпе таңбалау21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық беру22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру 6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту және оны жарамсыз деп тану24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану 7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау26-бап. Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретiнде тiркелетiн белгiлер27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер28-бап. Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм жасау29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар 8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi34-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері35-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы 10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының берiлуiне дау айту40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану 12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын және тауарлар шығарылатын жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау41-бап. Апелляциялық кеңес41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері41-2-бап. Қарсылықты қарау41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру42-бап. Дауларды қарау43-бап. Тауар белгілері және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану44-бап. Тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын қорғау тәсілдері45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу 13-тарау. Қорытынды ережелер45-бап. Мемлекеттiк баж46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері46-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою47-бап. Халықаралық тіркеу48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары |