Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Білім беру сапасын бақылаудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) құрылсын. 2. Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік мекемелер туралы ережелердің бекітілуін және олардың әділет органдарында тіркелуін; 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді орналастыру үшін оларды ғимараттармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;»; осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесімен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|