Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы (2018.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) басым жобаларға кредит беру тетігі; 2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген
Басым жобаларға кредит беру тетігі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін 2018 - 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 600 миллиард теңгеге дейін құрайды. ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 941 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. ЕДБ-ға қаражат беру шарттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты және өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 7 жылға дейін 600 миллиард теңгеге дейінгі мөлшердегі қаражатқа ЕДБ облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|