«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 41-42, 307-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгіленген тәртiппен республикалық бюджеттен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына ақшалай сыйлық төлеуге қаражат көздесін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 427 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысымен бекітілген
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары
1. Осы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін айқындайды. 2. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын осы қаулымен бекітілген номинациялар бойынша беріледі. 3. Сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|