|
|
|
Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы (2021.06.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020.21.05. № 43 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Сот сараптамасы қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15) тармақшасына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев 2017 жылғы 30 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2017 жылғы 30 наурыз
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |