ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы (2023.31.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2023.23.05. № 227 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Прокуратура туралы» 2022 жылғы 5 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымы; 3) сыныптық шендер берілетін прокуратура органдары жүйесі лауазымдарының, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендердің тізбесі («Қызметтік пайдалану үшін» деген белгісімен); 4) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2017 жылғы қазанның 13-і.
№ 563
ҚР Президентінің 2022.03.10. № 1029 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2023.23.05. № 227 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ЕРЕЖЕ
1. «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бас прокуратура) - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін мемлекеттік құқық қорғау органы, ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|