«Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 41-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 912 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14355 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті: 1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|