Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидаларын және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 77 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 466-бабы 2-тармағына және 467-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік сараптаманы өзге уәкілетті сараптама ұйыммен (сарапшымен) жүргізу үшін тағайындау қағидасы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) кедендік сараптаманы жүргізуге тарту қағидасы бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 391 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6431 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 4 қыркүйекте № (23204) жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 139 бұйрығымен бекітілген, оларға өзгерістер енгізілетін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде 2016 жылы 7 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|