Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2024 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) және 12-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18861 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18859 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|