Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қаржы ұйымдарын жүйе құраушылар қатарына жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 257 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10210 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне төлемдер мен ақша аударымдары және банк шоттарын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 32 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13304 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қаржылық тұрақтылық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|