Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 5 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 (бұр. ред. қара); 2007.14.05. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырлды; ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргізу жөніндегі уақытша нұсқаулық Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Ақпарат және коммуникациялар, Қаржы министрліктерінде және Астана қаласының әкімдігінде қағазсыз құжат айналымын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде Үкімет қаулыларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде құжаттармен жұмыс істеу тәртібін айқындайды деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бір ай өтісімен күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу қағидалары мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады. 3. Егер осы Нұсқаулықта өзгеше белгіленбесе, осы Нұсқаулықта ішкі құжаттарды қоса алғанда, құпия емес сипаттағы, «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту қағидалары айқындалады. Қызметтік ақпаратты және/немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпаратты қамтитын таратылуы шектелген құжаттарды дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына және Кеңседе қолданылатын ақпараттық ресурстарды қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі - ЭЦҚ) жабық (құпия) кілтін және ЭЦҚ құралын (ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған және ЭЦҚ ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың ЭЦҚ есептеу мен тексеруден кейін ЭЦҚ тексерудің (ЭЦҚ түпнұсқалығын растаудың (белгілеудің) оң нәтижесін белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттармен (бұдан әрі - электрондық хат-хабар), қажет болған жағдайда қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен (бұдан әрі - қағаз хат-хабар) жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады. 4. Осы Нұсқаулықпен: 1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Кеңседе жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен және сұрау салуларымен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау; 2) Кеңседе, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру; 3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін шифрланған құжаттық байланысты пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат алмасуды жүргізу тәртібі реттелмейді. 5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуге, хат-хабардың (электрондық және қағаз) есепке алынуына, сақталуына, уақтылы өтуіне және орындалуына жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. 6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - БҚҚБ) Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.
2-тарау. Қызметтік хат-хабарды қабылдау тәртібі
7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік корреспонденттермен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Қағаз хат-хабары бар конверттерді ашардың алдында БҚҚБ қызметкері олардың жолдануы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болса) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекенжайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырып тексеріледі, міндетті деректемелердің болуы мен құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі. Алынған құжаттар мен пакеттер жеткіліксіз болған немесе бүлінген, конверттердегі нөмірлер құжаттардағы нөмірлермен сәйкес келмеген жағдайда, іс жүргізу және архив секторы меңгерушісінің ЭЦҚ-сымен куәландырылатын электрондық түрде акт жасай отырып (2-қосымша), құжаттарды цифрлау (сканерлеу) жүзеге асырылады және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы цифрланған құжатпен бірге тиістілігіне қарай жолданады. ЭҚАБЖ-дан басып шығарылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесі айқындалғаны туралы мөртаңбамен расталған актінің қағаз көшірмесі құжаттармен бірге жөнелтушіге жолданады. Дұрыс жолданбаған және ресімделмеген немесе Құжаттама жасау қағидаларында көзделген міндетті деректемелері жоқ, қате салынған құжаттар тиістілігіне қарай қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады. Түскен хат-хабардың конверттері жөнелтушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және мекенжайын, құжаттардың жөнелтілген және алынған күні мен уақытын тек конверт арқылы белгілеу мүмкін болатын жағдайда ғана құжаттарға тігіледі. «Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер БҚҚБ-да ашылуға тиіс. «Жеке өзіне» деген белгімен қабылданған құжаттар мен пакеттер (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінен басқа) электрондық тізілімдерде есепке алынады және ашылмай, тікелей адресатқа беріледі. 9. Кеңсеге қағаз жеткізгіштерде түсетін хат-хабарды БҚҚБ күнін, уақытын және құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қабылдайды. Қағаз хат-хабар («ҚБП» деген белгісі бар құжаттарды және қабылдануы тек қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын құжаттардан басқа) цифрлауға (сканерлеуге) және одан әрі ЭҚАБЖ-да тіркелуге тиіс. Одан әрі жұмыс (құжатты бөлімге беру және оны орындау) тек электрондық түрде жүргізіледі, бұл ретте Кеңсеге цифрлау және тіркеу рәсімдерінен кейін түскен қағаз хат-хабардың түпнұсқалары архивке тапсырылуға тиіс. «ҚБП» деген белгісі бар құжаттардан, сондай-ақ онымен жұмыс істеу осы Нұсқаулықтың жекелеген ережелерімен реттелетін хат-хабардан басқа, Кеңседе қағаз хат-хабармен жұмыс істеуге жол берілмейді. 10. Кеңсеге түсетін электрондық хат-хабарды БҚҚБ ЭЦҚ ашық кілтін және ЭЦҚ қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (ЭЦҚ құралы) пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігін растау рәсімінен өткен ЭЦҚ түпнұсқалылығын тексеру рәсімі өткізілгеннен кейін қабылдайды. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық хат-хабар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі - БКО) және Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің ведомствоаралық құжат айналымы орталығының (бұдан әрі - ЭҚАБЖ ВҚО) сервері арқылы берілуге тиіс. Электрондық хат-хабарды қабылдаған кезде барлық рәсімдер ЭҚАБЖ пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады. Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы ғана қабылданады. Электрондық құжаттарды сақтау мерзімдері және құжаттардың қағаз түпнұсқаларын ресімдеу міндеттілігі архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы бекітетін Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесінде белгіленеді. 11. Құрылымдық бөлімшелердің және Үкімет пен Кеңсе басшылығы қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне іс жүргізу және архив секторында тіркелмеген қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады. 12. Белгіленген үлгідегі бланкілерге сәйкес келетін электрондық құжаттардың шаблонын пайдалана отырып жасалған (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен айқындалғаны туралы растамасы бар, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар), толтырылған деректемелері бар, бірінші басшының (ол болмаған кезде - бұйрық болған жағдайда, оның міндетін атқаратын адамның), өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жауапты хатшының, министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған және жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адамының ЭЦҚ қойылған құжаттар Кеңседе қабылдануға тиіс. Премьер-Министрдің атына жолданған, оның ішінде кадрлық мәселелер бойынша электрондық және/немесе қағаз хат-хабар бірінші басшының ЭЦҚ-мен куәландырылғаннан кейін және/немесе қолтаңбасымен ғана жіберіледі. Іссапарға кетуіне, еңбекке жарамсыздығына, демалыста болуына байланысты бірінші басшы болмаған жағдайда, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған және/немесе ол қол қойған, Премьер-Министрге жолданған электрондық және/немесе қағаз хат-хабарды енгізуге жол беріледі. Бұл ретте бұдан бұрын мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылып және/немесе қолтаңбасымен енгізілген электрондық және/немесе қағаз хат-хабар мемлекеттік органның бірінші басшысы жұмысқа шыққан күннен бастап бір күн мерзімде қайта куәландырылып және/немесе қол қойылып, Кеңсеге қайта енгізілуге тиіс. Үкімет пен Кеңсе басшылығының тапсырмаларын орындауға жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде ЭЦҚ-ны тексерудің оң нәтижесінің болу шартымен бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары қоса беріледі. Құжатта күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, сұрау салуға жауап беру немесе тапсырмалардың орындалуы туралы есепте (ақпаратта) Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде көрсетілуге тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Кеңсеге жіберу немесе өткізу күнімен сәйкес келетін электрондық және қағаз хат-хабарды (электрондық құжат айналымы жүйесіне қосылмаған адресаттардан пошта арқылы түскен қағаз хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Шығыс құжатты дайындаған орындаушының тегі, аты-жөні, телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы, Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі бір парақтан аспайтын электрондық құжаттың бірінші парағының немесе бір парақтан асатынның соңғы парағының төменгі сол жақ бұрышына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469, Asanov.S@ukimet.kz (Кеңсе ЭҚАБЖ сәйкестендіру нөмірі), қағаз құжатта жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа даналар саны құжаттың бірінші парағының сырт жағына қойылады. Қағаз хат-хабарға қосымшаларды құжатқа қол қойған немесе оны дайындаған адам (құжатты орындаушы) дәйектеуге тиіс. Қазақстан Республикасының Президентіне, Президент Әкімшілігіне, Парламент депутаттарына, Бас прокуратураға және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жіберілетін жауап жобаларын аталған жауап жобасын әзірлеген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын адам дәйектейді. Бұл ретте егер мемлекеттік органның бірінші басшысы өзінің лауазымын Премьер-Министрдің орынбасары лауазымымен қоса атқарса, онда Үкімет пен Кеңсе Басшылығына жіберілетін жауап жобаларын дайындау мемлекеттік органның бірінші басшысымен - Премьер-Министрдің орынбасарымен алдын ала келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысына жолданған мемлекеттік органдардың хат-хабары белгіленген үлгідегі бланкіге сәйкес келетін және ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттардың шаблонын пайдалана отырып, мемлекеттік тілде ресімделуге тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі). Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың хаттары орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарынан, жауапты хатшысынан немесе өзінің құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органның аппарат басшысынан төмен емес деңгейдегі адамның немесе оның міндетін атқаратын адамның ЭЦҚ-мен куәландырылуға тиіс. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды қабылдау кезінде дана саны ескерілмейді. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттарды Кеңсе сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды, бұл ретте сағат 17.00-ден кейін жіберілген хат-хабар тіркелуге жатпайды. Кеңсеге түсетін қағаз хат-хабар (құжаттар) сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін қабылданады. 13. Мыналар: 1) осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарды бұза отырып ресімделген құжаттар мен оларға қосымшалар; 2) факсимилені, түзетулерді және қандай да бір бүлініп ластанған жерлерді қамтитын, оның ішінде тескішпен тігілген, шимай қағаздарда және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелерінде орындалған қағаз хат-хабар; 3) дұрыс жолданбаған (Кеңсе атауының, Үкімет пен Кеңсе басшылығы лауазымдарының, тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) дұрыс жазылмауы) хаттар; 4) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың электрондық түрдегі хаттарын немесе бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың қағаз түріндегі хаттарының көшірмелерін қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары; 5) электрондық құжаттар (ЭЦҚ тексерудің нәтижесі теріс, мазмұны, парақ саны, бланк нысанында көзделген міндетті деректемелердің болмауы және/немесе деректемелердің, сондай-ақ мәтіннің дұрыс орналаспауы); 6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін электрондық құжаттар; 7) мемлекеттік органдардың бірыңғай ұстанымының болмауы мәселесі бойынша бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамаларын, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының ЭЦҚ-мен куәландырылған келiспеушiлiктерді жою хаттамаларын, дәлелді негіздемелер мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымын қамтымайтын мемлекеттік органдардың хаттары Кеңседе қабылдауға жатпайды.
3-тарау. Қызметтік хат-хабарды тіркеу тәртібі
14. Кеңсеге түсетін барлық хат-хабарды (құжаттарды) электрондық құжат айналымы жүйесінде іс жүргізу және архив секторы тіркейді, олар әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған электрондық тіркеу-бақылау карточкасын (бұдан әрі - ЭТБК) (осы Нұсқаулыққа 1-қосымша) толтырады. 15. Түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды (электрондық және қағаз) іс жүргізу және архив секторының меңгерушісі алдын ала белгілеп, құзырет бойынша бөледі. Үкімет, Кеңсе басшылығының атына түскен құжаттарды және басқа да қызметтік хат-хабарды (электрондық және қағаз) бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады. Алдын ала қаралғаннан кейін түскен құжаттар және басқа да қызметтік хат-хабар (электрондық және қағаз) белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды. 16. Электрондық хат-хабарды тіркеуді БҚҚБ ЭТБК-де тіркеу нөмірін қою арқылы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына түскен құжаттарға «б» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Қағаз хат-хабарды тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайда сол жақ жоғары бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою арқылы БҚҚБ жүзеге асырады. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат ЭЦҚ тексерілгеннен кейін тіркеледі және электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Басшылықтың қабылдау бөлмелеріне және Кеңсенің құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - құрылымдық бөлімшелер) Құжаттама жасау қағидаларына сәйкес беріледі. БҚҚБ меңгерушісі алдын ала қарағаннан және тіркелгеннен кейін қағаз хат-хабар осы Нұсқаулықтың 25 және 26-тармақтарының талаптары орындала отырып Үкімет, Кеңсе басшылығының және құзыреті бойынша құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелеріне қол қойғызып беріледі. 18. Құжат (қағаз жеткізгіште) туралы мәліметтер карточкаға енгізіледі және іс жүргізу және архив секторында қолтаңбамен, құжатты алу күнімен және уақытымен қалады және ағымдағы карточкада сақталады. Бұдан кейін бұл карточкада осы құжатты қарау барысы да белгіленеді. Бөлімнің жауапты орындаушысы ЭҚАБЖ жүйесінде осы құжаттың қозғалысы туралы мәліметтерді толтырады.
4-тарау. Қызметтік хат-хабарды қарау және оның өтуі
19. Құжаттардың өтуіне және тиісінше сақталуына жауапкершілік қабылдау бөлмелері мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жүктеледі. БҚҚБ меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды: 1) көтеріліп отырған мәселелер жекелеген мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын және тиісінше олардың өздері шеше алатын жағдайда, мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың Үкімет басшылығында кеңестер өткізу жөніндегі өтініштерін; 2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге де құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беруді сұрайтын әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін; 3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін; 4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты; 5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Кеңсені хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты; 6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту, салықтар мен кедендік төлемдер бойынша төлеу мерзімін ұзарту және/немесе жеңілдіктер беру туралы өтінішті; 7) Кеңсе Басшысының атына жолданған Үкімет басшылығының тапсырмаларына қатысты хаттарды; 8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің және осы Нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған құжаттарды қамтитын электрондық немесе қағаз құжаттарды қарамай қайтарады. 20. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік туындаған жағдайда, ол БҚҚБ меңгерушісіне, қажет болған жағдайда - Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына баяндалады. 21. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін және сұрау салуларын Үкімет Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес БҚҚБ меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды. 22. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын (4-қосымша) қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен түскен құжаттар тіркеледі, сканерленеді және бірлесіп орындаушы бөлімдерге электрондық құжаттар нысанында беріледі. 23. Үкіметке түсетін құжаттар, әдетте, төмендегідей бөлінеді: Премьер-Министрдің қарауына: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары; 2) Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Жоғарғы Сот Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары; 3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаттары мен прокурорлық қадағалау актілері; 4) мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының хаттары; 5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері, қаулылары мен жолдаулары; 6) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хаттары мен қаулылары; 7) Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар; 8) жол жүргенге дейін 3 (үш) күн бұрын министрліктер басшыларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»), «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» (бұдан әрі - «ҚазАгро» ҰБХ»), «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ») акционерлік қоғамдары басқарма төрағаларының іссапарға шығуына рұқсат алуға байланысты өтініштер; Премьер-Министр орынбасарларының қарауына тікелей өздеріне жолданған, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар (құжаттар) беріледі; Кеңсе Басшысына: 1) Үкімет Регламентіне, Кеңсе туралы ережеге және Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы арасында міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар; 2) Үкіметке және Премьер-Министрге депутаттық сауалдар: |