Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«Сот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10304 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 428 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12011 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|