Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар: 1) сенімгерлік басқару - сенімгер басқарушының сенімгерлік басқару шартында белгіленген өкілеттіктер шегінде өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мемлекеттік қызметшінің мүлкін мемлекеттік қызметшінің мүддесі немесе ол көрсеткен басқа адамның (пайда алушының) мүддесі үшін өз атынан жүзеге асыратын басқару жөніндегі қызметі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|