Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттіктері тоқтатылған Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|