|
|
|
Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы (2020.08.12. берілген өзгерістермен)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 317-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. «Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1153 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 66, 614-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже (будан әрі — Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 317-бабына сәйкес әзірленді. 2. Инвестициялық омбудсмен — Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын (айқындайтын), инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам. 3. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Инвестициялық омбудсменнің негізгі функциялары
4. Инвестициялық омбудсменнің негізгі функциялары: 1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарау және оларды шешу, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып шешу үшін ұсынымдар шығару; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |