Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларын және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы (2018.26.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидалары және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|