Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы (2020.04.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.05. № 152 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.05. № 152 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.04.05. № 152 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|