Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2020 жылғы 30 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Босқындардың жол жүру құжаттарын беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 391 бұйрығымен бекітілген
Босқынға жол жүру құжатын беру қағидасы
1. Осы Босқындарға жол жүру құжатын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасынан шығу және Қазақстан Республикасына келу үшін шетелдіктерге немесе босқын деп танылған азаматтығы жоқ адамдарға жол жүру құжатын беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|