|
|
|
Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайдың үлгілік ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы (2020.12.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.12.05. № 386 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) Арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптеме қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті (Қ.С. Тыныбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды; 4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |