Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 37), 37-1) және 39) тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарты; 2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты; 3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім; 4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім бекітілсін; 5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім. 2. Осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|