«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|