«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы (2016.25.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - 1-қоғам) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу 1-қоғам қызметінің негізгі түрі болып айқындалсын. 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - 2-қоғам) қайта құру жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - 3-қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2016.25.10. № 616 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1-қоғамның жарғылық капиталын: 1) «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының жүз пайыз акцияларын беру; 2) 2, 3-қоғамдардың жүз пайыз акцияларын беру; 3) ҚР Үкіметінің 2016.25.10. № 616 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|