«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың төртінші, бесінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады 167) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «167) мыналарды: арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін; 1-тармақтың жетінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру кезінде бюджеттің атқарылу рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін әзірлеу және бекіту;»; 430) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 758-31) тармақшамен толықтырылсын: «758-31) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын бірыңғай төлемді, бірыңғай төлем бойынша өсімпұлды төлеу, аудару және оларды жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда), өсімпұл түрінде бөлу, сондай-ақ оларды қайтару тәртібін келісу;»; мынадай мазмұндағы 758-58), 758-59), 758-60), 758-61), 758-62), 758-63), 758-64), 758-65), 758-66), 758-67), 758-68), 758-69) және 758-70) тармақшалармен толықтырылсын: 758-58) цифрлық активтер саласындағы уәкілетті орган бекітетін салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын келісу; 758-59) егер тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінің кедендік декларациясын толтыру тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінде көзделсе, кедендік декларациялау кезінде мұндай кедендік декларациялардың көшірмелерін ұсынуға келісім беру туралы міндеттеменің нысанын бекіту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|