|
|
|
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері (2017.20.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 444 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Мыналар: 1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып; 3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |