|
|
|
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы (2022.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 5 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысаны бекітілсін. 2. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 273 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8632 болып тіркелген, 2013 жылы 2 қарашасында «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1453 бұйрығымен бекітілді
Нысан
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісім
_______________________________________________________________ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |