Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы (2022.07.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2022.16.09. № 965 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес; 5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес; 6) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес; 7) пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Бухгалтерлердің кәсiби ұйымдары, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептілікті электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталы арқылы ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|