Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы (2015.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Сақтандыру портфелін беру ережесіне қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4209 тіркелген); 2) Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 22 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5176 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. 2012 жылғы 1 қаңтарда енгізілетін осы қаулының қосымшасындағы 9-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, осы қаулы алғаш ресми түрде жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. 4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментіне (Д.Ш.Қарақұлова): 1) Заң департаментімен (Н.В.Сарсенова) бірігіп, осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне қатысты шаралар қабылдасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|