Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2021 жылғы 8 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мына: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілік нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істер комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн мерзім ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын; 4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралар орындалған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақпен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті енгізсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына 1-қосымша
Нысан
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|