Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы (2014.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және техникалық реттеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазғарыш төрағасының орынбасары М.М.Молдабековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 3 сәуірдегі № 40-НҚ бұйрығымен бекітілген
Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және ғарыш қызметі саласындағы қосарлы мақсаттағы жобаларды қоспағанда, ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тапсырыс беруші - ғарыш қызметі саласындағы жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|