Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 2-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді және «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге www.adilet.gov.kz www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі. Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады. 3. «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|