Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілуін; 2) мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 4-6/1112 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
1. «Мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен орындалуын растау нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6052 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 13 наурыздағы № 94-95 (25941) санында жарияланған); 2. «Мемлекеттік астық ресурстарына агент пен отандық астық өндіруші, агент пен астық экспорттаушы арасындағы астықты жеткізу шартының үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 108-110 (25956) санында жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|