ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.05. № 136 бұйрығымен 11-қосымшамен толықтырылды; ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.01.12. № 346 бұйрығымен 8-1-қосымша жаңа редакцияда (2022 ж. 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына 8-1-қосымша
Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары (2022.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) спорт резервін және жоғары дәрежелі мүгедектігі бар спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы (бұдан әрі - Орталық) қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Орталық заңды тұлға болып табылады және өз қызметінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Қағидаларды және Орталық жарғысын басшылыққа алады. 3. Осы Қағидалар мынадай ұғымдар қолданылады: 1) аға жаттықтырушы - спорт түрлерi бойынша жаттықтырушылар құрамына жалпы басшылықты жүзеге асыратын және оқу-жаттықтырушылық қызметпен тiкелей айналысатын спорт жаттықтырушысы; 2) ауыспалы құрам - Орталық құрамына қабылданған, оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар кезінде тартылатын мүгедектігі бар спортшылар құрамы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|