Қазақстан Республикасының (2019.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы 3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты 4-бап. Инновациялық кластер қызметінің қағидаттары 2-тарау. Инновациялық кластердің құқықтық мәртебесі 5-бап. Инновациялық кластерді басқару 6-бап. Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі 8-бап. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару 9-бап. Қордың басқару органдары 11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату 4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер 12-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластерінің құқықтық мәртебесін және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару ерекшеліктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) дербес кластерлік қор (бұдан әрі - Қор) - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді 2) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы - Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес құрылған, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақ; 3) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері (бұдан әрі - инновациялық кластер) - өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметті ынталандыруға арналған инновациялық кластер қатысушыларының бірлестігі; 4) «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері қатысушысының жобасы (бұдан әрі - қатысушының жобасы) - жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) технологиялық даму орталығы - инновациялық технологияларды дамытуға және құруға жәрдемдесетін, сондай-ақ өндірістік технологияларды жетілдіру бойынша оқытудың мазмұны мен іске асырылуын қоса алғанда, оқытумен айналысатын орталық; 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) трансұлттық корпорация - негізгі ұйымнан және бірнеше елдер аумақтарындағы филиалдардан, еншілес ұйымдардан тұратын заңды тұлға (заңды тұлғалар жиынтығы); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) шетелдік инвестициялық қор - айрықша қызмет түрі Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін жинақтау және инвестициялау болып табылатын бейрезидент-заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасы инновациялық кластерге және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты Инновациялық кластер жаңа технологияларды жеделдетіп дамыту, зерттеулер жүргізудің, жаңа технологиялар әзірлеудің ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын одан әрі жетілдіру, оларды коммерцияландыруға жәрдем көрсету мақсатында құрылады және жұмыс істейді.
4-бап. Инновациялық кластер қызметінің қағидаттары Инновациялық кластер қызметі: 1) ғылымның, білімнің және өндірістің ықпалдастығы; 2) ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қатысушылардың жобаларын қаржыландырудың басымдығы; 3) инновациялық кластер қатысушыларының қызметін қолдаудың экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі; 4) іргелі және қолданбалы зерттеулердің басым бағыттарын дамыту; 5) Қор қаржыландыратын қатысушылардың жобалары сараптамасының объективтілігі мен тәуелсіздігі; 6) халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 7) экономиканың басым секторларында технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру қағидаттарына негізделеді.
2-тарау. ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2017.03.07. № 86-VI ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Инновациялық кластерді басқару 1. Инновациялық кластерді дамыту және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық кластерді басқаруды Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылады. 2. Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің ережесін және құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Инновациялық кластер қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады.
6-бап. Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесінің функцияларына: 1) инновациялық кластерді дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау; 2) - 5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) осы Заңда және Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі туралы ережеде көзделген өзге де функциялар жатады.
7-бап. Инновациялық кластердің қатысушылары 1. Инновациялық кластердің қатысушылары өз қызметін Инновациялық кластердің қамқоршылық кеңесі айқындаған стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін жүзеге асырады. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді 1) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының қатысушылары, оның ішінде Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тысқары жерде жүзеге асыратын, ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласындағы арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда 2) Қамқоршылық кеңес инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізген ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады. 3) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-ТАРАУ. «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ҚОРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8-бап. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқаруды республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын басқарушы компания жүзеге асырады. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды 8-1-бап. Қордың функциялары Қордың функцияларына: 1) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру; 2) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау; 3) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру; 4) трансұлттық корпорациялармен технологиялық даму орталықтары нысанында бірлескен кәсіпорындар құруға, оларды басқаруға және үйлестіруге қатысу; 5) шетелдік инвестициялық қорларға қатысу; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
9-бап. Қордың басқару органдары 1. Басқарушы комитет Қордың жоғары басқару органы болып табылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Басқарушы комитеттің Төрағасы болып табылады. Басқарушы комитет туралы ережені, сондай-ақ оның құрамын Басқарушы комитеттің Төрағасы бекітеді. 2. Басқарушы комитеттің айрықша құзыретіне: 1) Қор жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 2) Қордың жылдық және орта мерзімді бюджеттерін бекіту; 3) Қордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту; 4) Қордың сыртқы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау; 5) осы Заңға және Қор жарғысына сәйкес өзге де өкілеттіктер жатады. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Басқарушы комитеттің құрамына құрылтайшының өкілдері, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар кіреді. Басқарушы комитеттің қызметін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты оның атқарушы органы жүзеге асырады, ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Қордың атқарушы органы Басқарушы комитеттің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімдері негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді. Қордың атқарушы органының құрылымы мен құзыреті Қор жарғысында айқындалады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган: 1) Қордың атқарушы органының сандық құрамын, басшысы мен мүшелері өкілеттіктерінің мерзімдерін айқындайды; 2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерін сайлайды, сондай-ақ Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады. 5. Қордың атқарушы органы әрекеттерімен және (немесе) әрекетсіздігімен келтірген зиян үшін Қор алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 6. Қорда оның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық жұмыстарды және (немесе) қатысушылардың жобаларын жыл сайын қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жіберген ақша; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды өткізуден және қызметтерді көрсетуден түскен түсімдер (кірістер); 4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақылар (мүдде); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) бюджеттен нысаналы аударым; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қор мемлекеттік тапсырма алуға құқылы. Қатысушылардың жобаларын қаржыландыру жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма Қорға өз функцияларын орындауға беріледі. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Қор қатысушылардың жобаларын жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша өз мүлкі есебінен қаржыландыру үшін айқындайды. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы баптың 1-тармағының2) тармақшасына сәйкес Қор жер қойнауын пайдаланушыдан алған ақша тек қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ғана пайдаланылады. Қор өз функцияларын жүзеге асыру үшін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақша сомасының үштен аспайтын пайызын пайдаланады. Бұл ретте Қор: 1) ақшаны жіберу үшін банк шотын ашады; 2) Қорға жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақшаның есебін әрбір жер қойнауын пайдаланушы бойынша жеке-жеке, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақша жіберген жер қойнауын пайдаланушының қатысушының жобасын іске асыру нәтижесінде алынған күзет құжатын, осындай жобаның нақты құнын оның қаржыландыру үлесіне барабар сатып алуға басқа тұлғалардың алдында басым құқығы болады. 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес Қордың бюджеттен алған нысаналы аударымы: 1) Қордың бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталының елу пайызға дейінгі мөлшерін қоса қаржыландыру кезінде трансұлттық корпорациялардың қатысуымен технологиялық даму орталығы нысанында бірлескен кәсіпорындар құру; 2) Қордың шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысуы мақсатында пайдаланылады. 4. Қордың осы бапқа сәйкес қалыптастырылған мүлкі оған меншік құқығымен тиесілі болады. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Қор осы баптың 1-тармағының1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес қалыптастырылған мүлікті «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының және инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады. 6. Қор мүлкіне құрылтайшының мүліктік құқықтары болмайды. Құрылтайшы Қордың міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Қор құрылтайшының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату 1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қор жарғысына сәйкес қайта ұйымдастырылуға, таратылуға жатады. 2. Қор таратылған кезде кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік Қордың құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
12-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
1. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде құрылтайшы жарғылық капиталына мемлекет қатысатын тиісті заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы Қор құру туралы шешім қабылдайды. 2. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 10-ы. № 207-V
|
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасы3-бап. Инновациялық кластер құрудың және оның жұмыс істеуінің мақсаты4-бап. Инновациялық кластер қызметінің қағидаттары 2-тарау. Инновациялық кластердің құқықтық мәртебесі3-тарау. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқарудың және қордың ерекшеліктері8-бап. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару8-1-бап. Қордың функциялары9-бап. Қордың басқару органдары10-бап. Қордың мүлкі11-бап. Қорды қайта ұйымдастыру, тарату 4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер |